jasqazaq.kz

«Халық қатысатын бюджет» шеңберінде 20 жоба жүзеге асырылды

10 тамыз 2022, 10:02

Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі Р. Мүлкемановтың баспасөз брифингте баяндады. Аудан әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы баяндама жасап, БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді.

– Биыл Қаратау ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде 20 жоба іске асырылды. Нақтырақ айтқанда, көгалдандыру, тротураларды жайластыру, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу, жарықтандыру, бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу, қоқыс тастайтын орындарды жою, ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу. Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру іс-шаралары дауыс беруге шығарылады және іске асырылады. Ал 2023 жылы 25 жобаны жүзеге асыру жопарланып отыр, — деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, ауданда жаңадан 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды.

Қаратау ауданына биылғы жылы 40 млрд. теңгені құрайтын инвестиция тарту тапсырылған болса, бүгінде оның 45 пайызы орындалған.

2023 жылдың соңына қарай аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100 % қамтылса, биылғы жылдың соңында сапалы электр жарығымен қамту көрсеткіші — 97% пайызды құрайтын болады.

2022 жылдың қортындысымен елді мекендердің 90% табиғи газбен қамтылса, 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 100% жеткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, «І-komek 109» ситуациялық орталығына жыл басынан аудан құзырына қарасты 585 өтініш келіп түскен. Оның 571-не жауап берілсе, 14 өтініш бойынша тұрғындармен кері байланыс орнатылып, тиісті жұмыс атқарылуда.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде