jasqazaq.kz

«Халық арна» телеарнасы ашылады

02 қараша 2020, 15:09


Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Халық арна» республкиалық телеарнасы ашылады. 

«Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай көптеген игі шаралар ұйымдастырылды. Пандемия кезінде мүфтият қайырымдылық бағытта бірқатар шаралар атқарды. Сонымен қатар карантин кезінде онлайн насихат жұмыстарының маңызы артты. Дегенмен ақпарат ғасырында жаңа технологияны игеріп, насихат жүргізу мен ақпарат таратудың телевизиялық тәсілін өзімізден басқаруды ұйғардық. Осыған орай ҚМДБ жанынан республикалық «Халық арна» атты төл телеарнамызды ашқалы отырмыз», — делінген діни басқарма таратқан ақпаратта. Қазіргі таңда арнаға қажетті контентті жинақтау жұмысы аяқталды. Діни бағыттағы бағдарламалар, сұхбаттар, сюжеттер мен бейне-роликтердің басым бөлігі ҚМДБ-ның бас кеңсесінде түсіріледі. Арнаны «Отау тв» мен «Алма тв» кабельдік желілерінен көруге болады. Ертең, 3 қараша күні өтетін телеарнаның ашылуына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, елге белгілі қоғам қайраткерлері қатысады.

ҚазАқпарат 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия