jasqazaq.kz

HalykArena мен Алматы Arena инфекциялық стационар ашылады

23 маусым 2020, 16:45

Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал күрт нашарласа, қаладағы HalykArena және Алматы Arena спорт кешендері базасында инфекциялық стационар ашылады. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг кезінде қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.

«Стационарларға келіп жатқандар саны артып келеді. Төсек-орындарының тапшылығы байқалып жатыр. Бүгінде провизорлық төсек-орындар 90%-ға жүктелген, инфекциялық төсек-орындар 95% -ға жүктелген. Егер эпидемиологиялық ахуал қиындай түссе, HalykArena базасында 500 орын ашуды қарастырудамыз. Сондай-ақ, біз 150 төсек-орынға арналған «Теміржол ауруханасы» АҚ госпиталі базасында жұқпалы аурулар стационарын ашатын боламыз. Осылайша, жұқпалы ауруларға арналған 1940 төсек-орынға қосымша тағы 650 орын ашылатын болады. Жағдай одан әрі ушыққан жағдайда, «HalykArena» базасындағы төсек-орындар санын 300 төсек-орынға көбейту мүмкіндігі бар. Сол сияқты «AlmatyArena» базасында да стационар ашуға болады. Осының барлығы есептегенде, 3700-ге дейін жұқпалы аурулар орнын, провизорлық төсек-орындарын 1000-ға дейін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз жатақханалар базасында провизорлық және жұқпалы аурулар төсек-орындарын ашу мәселесін қарастыратын боламыз», — деді Камалжан Надыров. Ол неліктен спорт нысандары таңдалғанын айтты.

«Біз қаладағы барлық бос орындардың инспекциясын жүргіздік. Инфекциялық стационар болу үшін бірқатар талаптары бар. Бұл ғимараттарды дезинфекциялық өңдеуге болады. Сондай-ақ, желдету жүйесі жақсы», — деді ол.

Қазір уақытта дәрігерлер мен мейірбикелер бригадасы құрылып жатыр.

ҚазАқпарат

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова