jasqazaq.kz

Halyk Bank қызметкері коронавирус жұқтырған

16 наурыз 2020, 9:08

Алматыдағы Halyk Bank кеңсесінде банк қызметтері туралы кеңес беретін сыртқы ұйымның қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Halyk Bank клиенттермен әрдайым өзара ашық қарым-қатынаста болуға ұмтылады. Оның үстіне бүгінгі бүкіл әлемді дүрліктірген өмір сүру жағдайында бұл аса маңызды. Осыған байланысты COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған аждамдардың бірі Алматы қаласындағы банк ғимаратының бірінде кеңес беру қызметін ұсынатын сыртқы ұйымның қызметкері екенін халыққа хабарлау қажет деп санаймыз» деп хабарлайды «Қазақстан Халық банкі» АҚ баспасөз қызметі. Науқас және онымен байланысқан барлық қызметкерлер сынақ процедурасынан өтіп, қазіргі уақытта оқшауланған және карантинде жатыр. «Анықталған ауруы бар сыртқы компанияның қызметкеріне жақын жерде болған банк қызметкерлері клиенттермен тікелей қарым-қатынаста болмағанын хабарлаймыз. Өз кезегінде банк клиенттер мен қызметкерлер денсаулығының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алды. Кеңсе және бөлімшелерде үнемі санитарлық тазарту жүргізіледі. Банк бөлімшелері мен банкоматтар әдеттегі режимде жұмыс істейді, барлық операциялар клиенттерге қолжетімді» деп мәлім етті банктен.

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)