jasqazaq.kz

Халқымыздың қарызы айлық табысынан екі есе көбейген

08 қараша 2019, 11:19

Қазақстандық банктер банкрот болуы мүмкін бе? Халықаралық Moody’s агенттігінің сарапшылары 2020 жылдың соңына қарай біздегі банк секторы кезекті дағдарысты бастан өткереді деп болжапты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қазірдің өзінде халықтың қарызы айлық табысынан екі есе көбейген. Соған қарамастан, қаражаттан қысылса несиеге жүгінетіндер әлі де көп. Мәселен, қазір 6 миллионға жуық отандасымыздың банк алдында берешегі бар. Оның жалпы сомасы 7 триллион теңгеге жетіп жығылады. Әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының, Қарағанды облысының тұрғындары кепілсіз тұтынушылық несиеге белшесінен батқан. Ал Түркістан мен Солтүстік Қазақстан обылысының халқы банктерге мейлінше жоламауға тырысады екен. Сондықтан сарапшылар оңды-солды несие беру тоқтатылмаса, екінші деңгейлі банктер құрдымға кетеді деген тұжырымға келіпті. Халықаралық агенттіктің уәжін отандық экономистерде құптады. Айта кетсек, сол екінші деңгейлі банктердің оңды-солды несие таратпау мәселесін қазір Ұлттық банк те қарастырып жатыр.

Расул Рысмамбетов, қаржы сарапшысы:

— Банктер төлем қабілеті төмен азаматтарға несие беруді азайтуы тиіс. Оның орнына бизнеске, кәсіпкерлік саласын дамытуға ақша бөлген абзал. Өйткені айлық табысымыз азайып барады. Халықтың несие төлейтін шамасы жоқ. Бұлай жалғаса берсе, соңы экономикалық дағдарысқа әкеледі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда