jasqazaq.kz

Хайппен лайк жинағысы келгендер ереже бұзды (видео)

07 сәуiр 2020, 12:37

#үйдеотыр

Таразда төтенше жағдай режимін және жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп жазды Polisia.kz. Әлеуметтік желілерде жол қозғалысы ережелерін бұзып қана қоймай, ел аумағына енгізілген төтенше жағдай режимін де елемеген “Лада” көлігінің жүргізушісіне қатысты бейнежазба жарияланды.

https://youtu.be/0Cc4lNCeycU

Тараз қаласының көшелерінде шектен шыққан тәртіпсіз әрекеттері бейнеленген белгісіз тұлғаның бейне түсірілімі желіде кең таралып, тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмады. Бейнежазба бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген Тараз қаласының Полиция басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Лада 21703” маркалы автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісінің жеке басын анықтап, жауапкершілікке тартты. Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабының 2-бөлігімен (жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігінің таңбаларымен белгіленген талаптарды сақтамау), 590-баптың 5-бөлігімен (көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, атап айтқанда жүргізушіге шолуды шектейтін заттарды орнату) және 590-баптың 9-бөлігімен (мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерді төтенше жағдай режимі кезінде қозғалыстарды барынша шектеп, аса қажет болған жағдайда ғана жолға шығуды, сақ болуды ескертеді. Көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін, жол белгілерінің нұсқамаларын қатаң сақтап, көлік құралдарының тұраққа қойылуы мен тоқтауы, пайдалану ережелерін жауапкершілікпен мүлтіксіз орындауы қажет.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия