jasqazaq.kz

Хайп үшін досын байлап, көлікпен сүйреген (Видео)

25 маусым 2021, 11:43

Түркістандық жастар qaznet-ті әбден шулатты. «Қызықты» видео үшін жанқиярлық әрекет жасаған. Досын көлігіне арқандап, жол бойы сүйрепті. Бейәдеп әрекет жасағандар енді жазалануы мүмкін.

Елордалық екі жасөспірім әлеуметтік желідегі трендті қайталаймын деп жаза арқалай жазды. Олар аулада тұрған көліктің дөңгелегіндегі қалпақшасын ұрлаған. Бірақ бұл, лайк пен пікірге құмартқандардың арасында тіркелген бірінше жағдай емес. Доңғалақ қалпақшасын ұрлаған 12-13 жастағы қос жасөспірім табылды. Бірақ жазадан оңай құтылып кетті. Көліктің иесі шығын аз болғандықтан, арыз жазудан бас тартқан. Есесіне, телефондағы әрекетті қайталап желі «жұлдызына» айналғысы келген түркістандық жастардың ата-анасы ескерту алды. Егер, іс сотқа жолданғанда ауырлық тағы да ата-анаға түсер еді. 10 тәулікке дейін қамалады немесе 60 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді.

Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ата-аналарға айтатынымыз: бұл трендті жалғастырмас үшін үйде әңгімелесу жұмыстарын жүргізулерін сұраймыз. Сонымен қатар, егер қасақана осындай әкімшілік құқықбұзушылық жасаған жағдайда, кәмелетке болмаған балалардың ата-аналарына ҚР ӘҚК 127-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік жаза қолданамыз.
Сәннен қалмайын деген жеткіншектер тек Нұр-Сұлтанда ғана емес. Көліктің дөңгелегіндегі қақпақты қолды етудің 2 жағдайы Алматыда да тіркелді. Ал бұл кадрда Түркістанның «еркіндік сүйгіш» жастары ойрандап жүр. Құдды мал өлексесін тартқандай, автокөлікке адам байлап сүйреген. Жүргізуші жауапсыз қалмады. Әлеуметтік желідегі жастардың ессіз әрекетін полицейлер анықтап, шұғыл шара көрді.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

«Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүрісі қағидаларында көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» және 606-баптың «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» бойынша хаттама түзілді.
Тергеу барысында бұл достар арасындағы оспадарсыз ойын екені анықталды. Оны өздері бейнежазбаға түсіріп жан-жаққа таратқан. Қайдан білсін ақыр соңында жаза арқалайтындарын. Ақыр-соңында жас жігіттер жасаған әрекеттеріне өкініп, енді қайталамаймыз деп жерлестерінен кешірім сұрады.

Түркістан қаласында машина сүйреткенім үшін Түркістан халқынан кешірім сұраймын. Себебі Түркістан халқы дұрыс түсінбей қалыпты. Ол жерде ешкім жарақаттанған жоқ. Және де ешкімнің кінәсі жоқ. Оны өз еркіммен жасадым яғни, сондай видео түсіргім келді, — дейді ол.
Психологтардың пайымынша, аса қауіпті әрекеттерді қайталаудың соңы жақсылыққа жетелемейді. Таяз ойлап, ақша табудың оңай жолы мен кез келген дүниені сайқымазақ ету жастардың санасын улайды дейді. Тағы бір себеп — назардан тыс қалғандар аяқ астынан «жұлдыз» болғысы келеді. Мамандар, мұндай қауіпті трендтерге қоғам тарапынан шектеу қойған жөн деп санайды.

 

Дереккөзі: Астана телеарнасы

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия