jasqazaq.kz

Хабибтің келесі қарсыласы кім?

15 қараша 2018, 13:14

UFC ұйымының бас комментаторы Джо Роган ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің (27-0) келесі қарсыласы кім болу керек екенін айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, ресейліктің келесі қарсыласы америкалық файтер Тони Фергюсон (24-3) болуы керек. «Жо-жоқ, оны шетте қалдыра алмайды. UFC көзқарасы Тониге түзу. Дана Уайт Хабиб үшін келесі Фергюсон екенін айтқан. (…) Оған мүмкіндік беретін уақыт келді. Фергюсон сұмдық жігіт. Тони 11 жекпе-жекте жеңілмей келеді. Ол Эдсон Барбозаны Д’Арсе әдісімен, Кевин Лиді үшбұрышқа алып тұншықтырды. Петтис, Ванната, Томсон, Дос Аньосты жықты. Бұл жігіт айуан ғой. Оған лайықты деңгейде назар аударып жатқан жоқ», — деп келтіреді Роганның сөзін BJ Penn. Фергюсон мен Нурмагомедов үш рет жұдырықтаспай қалған болатын. 2015 жылы желтоқсанда файтерлер The Ultimate Fighter 22 финалында кездесу керек болған, алайда Хабиб жарақатына байланысты турнирді жалғастырмады. Ал 2016 жылдың сәуірінде Фергюсонның өкпесінде ақау болды, 2017 жылы дағыстандық салмақ қууға байланысты аурухаған түсіп қалған еді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық