jasqazaq.kz

Хабиб жекпе-жектен кейін төбелесті неге шығарғанын түсіндірді

07 қазан 2018, 15:41

Аралас жекпе-жек бойынша әлем чемпионы, ресейлік жауынгер Хабиб Нұрмағамедов UFC 229 турнирінің басты жекпе-жегінде ирландиялық Конор Макгрегорды жеңгеннен кейін орын алған төбелестің себебін түсіндірді, деп жазады Stan.kz.

«Невада штатының атлетикалық комиссия мүшелерінен, Лас-Вегастан кешірім сұрағым келеді. Өзімді жақсы жағымнан көрсетпегенімді білемін. Бірақ, менде адаммын және неліктен менің октагоннан секіріп кетуіме қатысты осынша әңгімелер айтылып жатқанын түсінбеймін. Ал, менің дініме, еліме, әкеме қатысты айтылған сөздер туралы не ойлайсыздар? “Ол Бруклинде автобусқа шабуыл жасаған. Сол жерде бірнеше адамды өлтіре жаздады”, деген сөздер ше. Неліктен қазір бәрі менің тордан секіріп кеткенім туралы айтады? Мен соны түсінбеймін », – деді Нұрмағамедов.

Хабиб Нұрмағамедов бұрынғы әлем чемпионы Конор Макгрегорды жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды. Бірақ, атаулы кештің жеңімпазы анықтала салысымен, Нұрмағамедов октагоннан секіріп шығып, Конордың жаттықтырушысы Диллон Дениске шабуыл жасады. Ал, сол уақытта ресейлік жауынгердің секунданттары Макгрегорға шабуыл жасады. Өкінішке орай, жанжал тек полицияның көмегімен шешілді. Ақырында, бұл төбелестен кейін Нұрмағамедов октагоннан белбеусіз кетті.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді