jasqazaq.kz

Хабиб Тони Фергюсонмен жекпе-жектен бас тартты

02 сәуiр 2020, 16:24

#үйдеотыр

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек коронавирустың таралуына байланысты өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 18 сәуірде АҚШ-тағы UFC 249 шоуында өтуі керек еді.

«Мен үйде карантинде жатып, жекпе-жектің айналасындағы жағдайға адамдардың реакциясы қандай болып жатқанын оқып отырмын. Сонда бүкіл әлем карантинде отыр, барлық елдің үкіметі мен әлемдегі танымал жандар адамдарды құтқару үшін, аурудың таралуын шектеу үшін қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады, ал Хабиб міндеттен босатылып, ерік-жігерін елге көрсете отырып, жекпе-жек үшін әлемді аралап, басын қатерге тігуі керек пе? Мен бәрін түсінемін, кездесудің болмайтынына сіздерден артық өкініп отырмын. Басқалардың да менің жекпе-жегімнен кейін өз жоспарлары болған шығар. Бірақ мұның бәрін реттеп отыру менің қолымнан келмейді. Дәл қазір үлкен державалар мен ірі компаниялар болып жатқан оқиғалардан шошып отыр, жағдай күн сайын болжаусыз өзгеріп отырады, бірақ Хабиб жекпе-жек өткізуі тиіс, солай ма? Өздеріңізге қамқор болыңыздар және өздеріңізді менің орныма қойып көріңіздер», — деп жазды Хабиб Instagram желісінде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия