jasqazaq.kz

Хабарсыз кеткен жасөспірім қыз құрбысының үйінен табылды

25 қараша 2020, 16:12

Ақтөбеде хабарсыз кеткен 14 жастағы жасөспірім қыз құрбысының үйінен табылды. Ағымдағы жылдың 23 қарашасында қала тұрғыны полицейлерге 14 жастағы қызының жоғалғаны туралы арыз жазған.

Қыз 20 қараша күні түнгі сағат 23.00-де үйінен шығып, қайтып оралмаған. Жоғалған адамды іздеуге учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Арыз түскеннен кейін екі сағаттан соң полиция қызметкерлері жоғалған адамды тапты. Үш күн бойы қыз Сазда ауылындағы құрбысының үйінде болғаны белгілі болды. Жыл басынан бері полицияға хабар-ошарсыз жоғалғандарды іздестіру туралы 45 өтініш келіп түсті. Олардың барлығы “ізін суытпай” табылды. Ата-ана бақылауының болмауына байланысты балалар әртүрлі қайғылы оқиғаларға тап болады. Көбінесе қараусыз, толық емес отбасыларда тұратын және ата-аналары тәрбиесімен айналыспайтын балалар жоғалады. Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды. Балаларыңызға сақ болыңыздар!

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия