jasqazaq.kz

Ғылыми-техникалық жобаларға басымдық беріледі

17 қараша 2021, 20:25

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан мен Беларусьтің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ғылыми-білім беру консорциумы қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының VIII отырысына қатысты.

Үкіметаралық келісім шеңберінде өткізілетін консорциум аясы жыл сайын кеңейіп, бүгінде 50-ге жуық ЖОО мен ғылыми зерттеу институтын біріктіріп отыр.

Қазақстан мен Беларусьтің инновациялық қызметі өндірістің түрлі салаларында жаңа идеялар мен ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнім түрлерін енгізуге басымдық беруде, бұл мемлекет экономикасының дамуына өз септігін тигізеді.

Басым бағыттар ретінде цифрлық, ақпараттық-коммуникациялық, пәнаралық, биологиялық, медициналық, фармацевтикалық, химиялық технологиялар және оларға негізделген өндірістер, робототехника, энергетика және құрылыс, аграрлық сектор мен қайта өңдеу саласында пайдаланылатын әзірлемелер анықталған.

Консорциумның VIII отырысы жұмысына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің операциялық қызмет жөніндегі проректоры м.а. Қанатбек Мұқанов қатысты. Беларусь ЖОО-ларымен белсенді әріптестік және бірлесе атқарылған жұмыстар ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашты. Қанатбек Мұқанов Полон мемлекеттік университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Келісім гуманитарлық, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары саласындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған.

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының жоғары оқу орындары мен ҒЗИ ғылыми-білім беру консорциумы 2011 жылы құрылған. Консорциум шеңберінде жоғары технологиялар, инновациялық қызмет саласында ғылыми және инженерлік кадрлар даярлау жүзеге асырылады. Сондай-ақ студенттерді академиялық ұтқырлық бойынша оқыту, магистранттар, докторанттар мен оқытушылардың ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыру, жоғары технологиялық ғылыми-техникалық жобаларды бірлесіп атқару іске асырылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Баспасөз қызметі

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық