jasqazaq.kz

Гүлнұр Оразымбетова өзіне «топас» деп тіл тигізген оқырманына жауабы

19 сәуiр 2018, 10:42

Әлеуметтік желі дамыған заманда қарапайым халық сүйікті әншісімен тікелей тілдесе алады. Алайда бұл “мүмкіншіліктің” теріс жағы да бар. Аузына келгенді жазатын желі оқырмандарының қыр-сырын отандық әншілер жақсы біледі.
Stan.kz хабарлағандай, алайда шыдамның да шегі бар! Мәселен, Гүлнұр Оразымбетова өзіне “топас” деп тіл тигізген желі оқырманына ренішін жеткізді.  “Мен бүгін өз парақшамнан бір оқырманымның ” Маған осы кісі “Топас” сияқты көрінеді” деген пікірін оқыдым. Қалай ойласам да, қалай ойлансам да өзімді “топастардың” қатарынан көре алмадым… Ойлап қоям, топас болсам мектепті үздік аттестатпен, жоғарғы оқу орындарын “қызыл дипломмен” бітірер ме едім деп. Соңымнан ерген бауырларыма қамқор болып, ата-анамның батасын алып, үлкен әулеттің келіні болып, алтындай 2 ұлдың анасы атанып, менің әндерімді жақсы көріп тыңдайтын xалқымның сүйікті әншісі болып жүрмейтін едім ғой.

Айта берсем, осы кезге дейінгі жеткен азғантай да болса жетістіктерім талмай еткен еңбегімнің, қиындыққа мойымай алға ұмтылғанымның, үлкенді аға, апа деп құрметтеп, кішіні іні, сіңілім деп басынан сипап ізет көрсеткенімнің жемісі деп ойлаймын. Осы пікірді жазған азаматшаға айтарым: Өз өміріңізге ризасыз ба, не бітірдіңіз осы уақытқа дейін, қандай жетістіктерге жеттіңіз, бір сәт ой елегінен өткізіңізші бәрін… Әр адамның бойынан “мін” іздеймін деп уақытыңыздың қалай өтіп кеткенін байқамай қалмаңыз! Өмірдің қамшының сабындай қысқа екенін ұмытпағайсыз!” – деп ренішін жеткізді әнші.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді