jasqazaq.kz

Гүлмира Әбіқай: Енесінің жағасына жармасқысы келетін келіндер бар

28 қараша 2017, 11:03

Белгілі тележурналист, қазір КТК телеарнасында «Дау-дамайсыз» бағдарламасымен қалың көрерменнің ықыласына бөленіп жүрген Гүлмира Әбіқай дау-дамайға жақын жүретін адамдарға қайран қалған. Яғни ол бейнекамера алдында ұялмай, біреумен бет жыртысуға дейін баратындарды түсіне алмай отыр.

Гүлмира Әбіқай бұл туралы ойын Фейсбуктегі парақшасына жариялаған, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Отбасында бес қыз. Анасы мен үлкен әпкесі қайтыс болады. Енді бес қыз анасынан қалған бір бөлмелі пәтерге таласуда. Сатамыз, сатпаймыз деп бір мәмілеге келе алмаған бес әпкелі-сіңлілі кеше сойқан салып, бір-бірін ұрып тастаған. Осыны жерден жеті қоян тапқандай редакцияға хабарлаған кенжесі «Қажет болса камерадан ұялмай төбелесеміз. Мені әпкелерім жабылып ұрып кете береді» дейді» деп жазады журналист.

Аталған бағдарламалар хабарласушылар арасында тіпті енесінің жағасына жармасудан тайынбайтындар да бар екен. Бір келіншек сондай ойын хатқа жазған.

«Мен келін болып түскен үйді жөндеу үшін өз атыма несие алдым. Одан кейін қайным үйленді. Біз бөлек шығып, затымыздың бәрі сонда қалды. Соларды соны енем бермей отыр. Әрі несиенің 10 айын төледі де, басқасын төлемей қойды. Мен сотқа беремін, төбелесемін! «Дау-дамайсыз» бағдарламасы келсе, ұялмай енемнің жағасынан аламын» депті ол.

Талай таласты көрген тележурналист осындай мазмұндағы хаттардың иелеріне налып отыр. Сөйткен ол отбасындағы кикілжіңдерге араласпайтынын ашып айтқан.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды