jasqazaq.kz

«Гүлдер» ансамблінің экс-солисіне пәтер берілді (Видео)

23 желтоқсан 2021, 15:07

«Гүлдер» ансамблінің экс-солисі Амангелді Шыңғысовқа қайырымды жандар ақша жинап, пәтер алып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін 82 жастағы қария Алматыдағы вокзал маңы мен хостелдерді жағалап жүрген болатын.

«Жұбайы мен қызы дүниеден ерте кетіп, ұлы мен келіні үйінен қуып шыққан атамыз елдің бәрін жылатып еді. Жанашыр халық жиналып, @elge_komek_ber қайырымдылық қорының бастамасымен 48 сағаттың ішінде қамкөңіл қартқа пәтер алып берді және умраға жолдама сыйлады. Ел азаматтарына және атсалысқан баршаңызға алғыс айтамыз! Алла разы болсын!» – делінген Инстаграмдағы парақшалардың бірінде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ХАДЖ • УМРА • МЕККА (@qazaq_travel)

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын «Гүлдер» ансамблінің экс-солисі Амангелді Шыңғысов «Алматы» телеарнасы «Шешімі бар» ток-шоуына келіп, көмек сұраған болатын. Бұл бағдарлама 28 күннің ішінде 500 мыңға жуық қаралым жинап, көпшіліктің көңілін босатты.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр