jasqazaq.kz

Гуманитарлық көмек ретінде әкелінген дәрілердің сатылғаны анықталды

10 желтоқсан 2020, 10:56

Компания Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде әкелінген дәрілерді сатқан. Бұл турал Tengrinews.kz бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, кәсіпкерлер өздерін 40 миллион теңгеден аса сомаға салық төлеуден заңсыз босатқан.

Компания осы жылдың қараша айында 400 миллионнан аса теңгеге дәрі-дәрмек әкелген. Олар тауарларды гуманитарлық жүк ретінде ұсынды, сондықтан олар кедендік алымдарды төлеуден босатылды.

Алайда көлік прокурорлары кәсіпкердің кейінірек дәрі-дәрмектерді сатумен айналысқанын анықтады.

«Мұндай жағдайда компания кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуі керек еді, бұл жағдайда салық мөлшері — 40 миллион теңге. Кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 236-бабының 1-бөлігі («Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды төлеуден жалтару») бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді және оны Алматы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тергеп жатыр», — деді бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов.

Тағы бр компания 140 миллион теңгеден аса сомаға медициналық қорғаныш костюмдерін шетелге шығаруға тырысқан.

«Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 234-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы («Экономикалық контрабанда») бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. 10 қарашада Түрксіб аудандық сотының үкімімен кінәлі адамға бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде