jasqazaq.kz

Грузияны алғаш рет әйел басқарады

29 қараша 2018, 10:34

28 қараша күні Грузияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, кандидат Саломе Зурабишвили алда келеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Грузия Орталық сайлау комиссиясының бейсенбі күнгі мәліметтеріне сүйенсек, сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдердің 91,42% өңделді. Нәтижесінде, Саломе Зурабишвили 59,55% дауыс жинаған. Ал оның бақталасы Григол Вашадзені сайлаушылардың 40,45% қолдаған. Грузия Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтының арнаулы бөліміндегі ақпаратқа сәйкес, Зурабишвилиге — 1 570 063 адам, Вашадзеге 717 942 адам дауыс берген. Еске салайық, Грузияда 28 қараша күні президент сайлауының екінші туры өтті. Оған «Грузия арманы» билеуші партиясынан Саломе Зурабишвили және «Біртұтас ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясынан кандидат Григол Вашадзе қатысты. ОСК мәліметтеріне қарағанда, сайлаушылардың 56,23% дауыс берген.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді