jasqazaq.kz

Грузияға 36 мың доллар алып кетпек болған азамат ұсталды (Видео)

13 маусым 2022, 14:54

«Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің қызметкерлері 12 маусымда Шымкент-Кутаиси халықаралық әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізіп, 36 000 АҚШ долларын (15 905 240 теңге) құрайтын қолма-қол ақшаны заңсыз алып өтпек болған Қазақстан азаматын анықтап, тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл дерек туралы Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлімдеді. Азаматтың әрекетінде ӘҚБтК-нің 545-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар.

«Осы факті бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған әкімішілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін істің материалдары жолданды», — деп жазды ведомстводан.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы Жарлығына сәйкес, Ұлттық банк әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын немесе шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық