jasqazaq.kz

Грузияда президент сайлауының екінші туры басталды

28 қараша 2018, 15:01

Сәрсенбі күні Грузияда президент сайлауының екінші кезеңінде дауыс беру үшін 3,6 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды.

Сайлаушылар екі кандидаттың бірі — «Грузия арманы» басқарушы партиясынан кандидат Саломе Зурабишвили немесе «Біртұтас ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясының өкілі Григол Вашадзеге дауыс береді. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Анна Микеладзе тілшілерге Грузияда барлық сайлау учаскелері уақытылы ашылғанын, дауыс беру өтіп жатқанын айтты. Оның сөздерінше, «дауыс беру процесі бейбіт жағдайда өтуде». ОСК-нің мәліметінше, 3 703 сайлау учаскесінің 55-і шет мемлекеттерде орналасқан. Сайлаушылар саны 3,5 млн адамнан асып жығылады. Грузия аумағындағы учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де жабылады. Бұл ретте, шетелде жүрген ел азаматтары жергілікті уақыт бойынша сағат 24:00-ге дейін дауыс бере алады. 28 қараша Грузияда демалыс күні болып жарияланған. Айта кетейік, 28 қазанда өткен сайлаудың бірінші турында Зурабишвили — 38,64 пайыз, ал Вашадзе37,74 пайыз дауыс жинады. Конституциядағы өзгерістерге сәйкес, бұл Грузия президентін соңғы тікелей сайлау.

inform.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді