jasqazaq.kz

Грузияда парламент ғимаратына шабуыл жасады

21 маусым 2019, 10:06


Тбилиси полициясы Грузия парламентінің алдына жиналған көтерілісшілерді тарату үшін резеңке оқ пен көзді жасаурататын газ қолданды.

«ҚазАқпарат»  жазғандай, жаппай наразылық бейсенбі күні, 20 маусымда Ресей делегациясының Православие парламентаралық Бас ассамблеясына қатысуына байланысты басталды. Делегацияны басқарушы және АСМ басшысы РФ мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтың сессия кезінде Грузия парламенті спикерінің креслосына отырып, жиналғандарға орыс тілінде сөйлегені оппозицияның наразылығын тудырған. Грузияның оппозициялық депутаттары мұны қорлау деп бағалап наразылықтарын білдіріп, Бас ассамблеяның жұмысын тоқтатты. Еuronews мәліметінше, шерушілер Грузия ІІМ басшысы Георгий Гахария мен спикер Ираклий Кобахидзенің отставкаға кетуін, сондай-ақ кезектен тыс парламент сайлауы өткізілуін талап етіп, парламент ғимаратына бірнеше рет шабуыл жасаған. Грузия Ішкі істер министрі Георгий Гахария шерушілерді полицияға бағынуға шақырды, деп хабарлайды ТАСС. «Мен ең алдымен алаңда тұрған әр азаматты, мүмкін олар әділетті наразылық білдіріп тұрған болар, полиция талаптарына бағынуға шақырамын. Мұнда болып жатқанның барлығы мемлекеттік институттарға шабуыл саналады», — деді ол бейсенбі күні журналистерге берген сұхбатында. Наразылыққа шыққандарға қарсы көзді жасаурататын газ бен резеңке оқтар қолданылды. Грузия баспасөзі бірнеше адамның ауыр жарақат алғанын хабарлады. Грузия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, барлығы 52 адам зардап шеккен, олардың 38-і — полиция қызметкерлері. Кешкісін С.Гаврилов және басқа да Мемлекеттік думаның депутаттары Тбилисиден ұшып кетті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде