jasqazaq.kz

Грузияда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді

27 ақпан 2020, 10:35

Грузияда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат newsgeorgia.ge сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Грузияның денсаулық сақтау министрі Екатерина Тикарадзе мен елдің Ауруды бақылау және қоғамдық денсаулық жөніндегі ұлттық орталық басшысы Амиран Гамкрелидзе үкімет әкімшілігінде болған брифингіде мәлімдеді. Инфекция жұқтырған 50 жастағы ер адам. Ол бір аптаға досымен бірге Иранға саяхаттаған. Ер адам Әзербайжан арқылы Грузияға оралған. Шекарада одан аурудың белгілері анықталған. Қазіргі уақытта ер адам Тбилиси орталық жұқпалы ауруханасында карантинге жатқызылды. Бұл ретте науқас емханаға реаномобильмен жеткізілген, жолай адамдармен байланысқа түспеген. Сондай-ақ, оның еріп келген танысы да тексерілді, бірақ одан коронавирус табылмады. «Бізде алаңдауға негіз жоқ, өйткені Грузияда инфекция болмауы үшін барлық шараларды қабылдаймыз», — деп атап өтті Тикарадзе. Министр сондай-ақ Грузия үкіметі екі аптаға Әзербайжанмен шекараны жабу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Сонымен қатар, Гамкрелидзе Әзербайжаннан келген ер адамның бағдарлық таксимен жеткенін айтты. Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті қызметтері барлық ықтимал байланыстарды анықтау үшін вирус жұқтырған адамның барған жерлерін анықтай бастады. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Грузиядағы алғашқы инфекция жұқтыру жағдайы туралы хабарланады. Министр бұл вирус жұқтыру қаупін төмендететінін, сондай-ақ инфекция жұқтырған адамдармен байланысқан кеден қызметкерлері де карантинге алынатынын атап өтті. Тбилиси жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Тенгиз Церцвадзе журналистерге коронавирус жұқтырған адамның жағдайын айтып берді. «Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы көтерілмеген, өкпе қабынуы жоқ. Бұл кезеңде оның жағдайы ешқандай интенсивті терапия жүргізуді қажет етпейді. Егер қажет болса, ол барлық мүмкін емдеу кезеңдерінен өтеді», — деп мәлімдеді Церцвадзе.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия