jasqazaq.kz

Грузияда қаралы күн жарияланды

17 қантар 2019, 10:43

Грузия астанасы Тбилисидің солтүстігіндегі көп пәтерлі үйлердің бірінде газ жарылып, төрт адам көз жұмған, деп хабарлайды Қазақпарат.

Imedi телекомпаниясының хабарлауынша, жарылыста күйік шалған төрт жасар қыз ауруханада жан тапсырған. Бұған дейін жарылыс салдарынан үш адамның қаза тауып, тағы жеті адамның зардап шеккені туралы хабарланған болатын. Полиция құрылыс немесе нысанды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған бұзылуы туралы баппен қылмыстық іс қозғаған. Оқиға орнында криминалист сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Ел президенті Саломе Зурабишвили жарылыстан зардап шеккендерге ем-дом жасалып жатқан ауруханаға барды. «Қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Бұл аса үлкен апат», — деп мәлімдеді ол. Грузия премьер-министрі Мамука Бахтадзе 17 қаңтарды елде қаралы күн деп жариялады. «Барлық мемлекеттік мекемелерде және елдің шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде мемлекеттік ту төмен түсіріледі», — деп хабарлады Грузия үкіметінің баспасөз қызметі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда