jasqazaq.kz

Грузияда ел президенттігіне 25 адам таласады

24 қыркүйек 2018, 10:41


Грузияда ел президенттігіне үміткерлерді тіркеу процесі аяқталды. 28 қазанда өтетін сайлауға қатысуға ниет білдірген 46 үміткерден 25-і ресми түрде тіркелді.

 ҚазАқпарат  жазғандай, бұл жөнінде жексенбі күні брифингте Орталық сайлау комиссиясының баспасөз-спикері Анна Микеладзе мәлім етті.  «Грузия жаңалықтары» агенттігіне сілтеме жасап. 25 үміткердің 19-ы саяси партиялар, 6-уы бастамашы топтардың атынан қатысуда. Сайлауға қатысуға рұқсат алу үшін президенттікке әрбір үміткер кем дегенде 25 923 сайлаушының қолын жинауы тиіс. «Заңнамаға сәйкес, президенттікке тіркелген үміткер сайлауға 12 күн қалғанға дейін (16 қазанды қосқа алғанда) ОСК-ға жазбаша өтініш беріп, өз кандидатурасын алып тастай алады. Аталған мерзім аяқталған соң барлық үміткерлер сайлау бюллетеньдеріне енгізілетін болады», — деді Микеладзе. ОСК-ға тіркелу үшін барлығы 46 субъект өтініш білдірген: 26-ы бастамашы топтардан, 20-ы саяси партиялардан. 21 үміткерді тіркемеуге әртүрлі құқықтық негіздер себеп болған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді