jasqazaq.kz

Грузия кинотеатры орыс тіліндегі сеанстарды тоқтатты

24 маусым 2019, 11:19

Елдегі ең ірі кинотеатрлар желісінің бірі орыс тілінде көрсетілетін сеанстарын тоқтатты. Сонымен қатар, басқа да кинотеатрлар осындай шешім қабылдады деген деректер бар.
Грузиядағы Сауеа кинотеатрлар желісі елдегі наразылық акцияларынан кейін фильмдерді орыс тілінде (орыс тіліндегі аудармасы бар фильмдер) көрсетуін тоқтатты. Бұл туралы Грузия Online хабарлады.

Порталдың хабарлауынша, Сауеа – елдегі ең ірі кинотеатрлар желісі. Мұндай шешімге келу – наразылық акциясына шыққандарды қолдау ретіндегі шешім екені хабарланған. Мұндай шектеу қашанға дейін болатыны айтылмаған.

ТАСС ақпарат агенттігі Грузиядағы кинотеатрлар желісінің ақпараттық қызметіне сілтеме жасап, республикадағы барлық кинотеатр орыс тіліндегі сеансын тоқтатты деп жазды.

21 маусымда Тбилисидің орталығында наразылық акциясы басталды. Оған ресейлік депутаттар делегациясының елге келуі себеп болған.   Грузияның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, қақтығыс барысында 240 адам зардап шеккен, оның 80-і – полицейлер.

Митинг 22 және 23 маусымда жалғасты.  Тбилисидегі Ресейге қарсы акцияның ушығуына байланысты РФ президенті Вдадимир Путин елінен Грузияға әуе рейстерін тоқтатты.

baq.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда