jasqazaq.kz

Грузия азаматының көлік тонау тәсілі тергеушілерді таңғалдырды

26 қазан 2017, 10:32

Грузия азаматының көлік тонау тәсілі талайды көрген теріскейлік тергеушілерді таң қалдырып отыр.  Бұл туіралы  КТК телеарнасына сілтеме жасап stan.kz хабарлады.

Ол Петропавлда машинаның құлпын бұзбай, дабыл қаққыш жүйенің толқынын сканерлеп, өзінің айтуынша, темір тұлпар ішінен тек ақша ұрлап отырған.

Заманауи тәсілді ойлап тапқан ұрының еш білімі де жоқ. Төрт рет сотталған  43 жастағы Грузия азаматы бұл кәсіпке  түрмеде отырғанда бейімделсе керек.  Тәртіп сақшылары оны сыбайласымен бірге кезекті көлікті тонап жатқан сәтте қолға түсірді.

Құрықтау кезінде ұрылардан  дабыл жүйесін сканерлейтін құрылғы, ұялы телефондар мен бірнеше сим-карта тәркіленді. Шетелдік азамат машинаны тонап жатқанда, сыбайласы көлік иесін аңдып тұрады екен. Ол қанша машинадан ақша үптегенін нақты айта алмады.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде