jasqazaq.kz

Грекияда тұңғыш рет әйел президент сайланды

22 қантар 2020, 17:48

Грекия парламенті бұрынғы Мемлекеттік кеңес (Жоғарғы әкімшілік соттың) басшысы Катерина Сакелларопулуды президент етіп сайлады. Ол ел тарихындағы тұңғыш әйел президент атанып отыр. Оған 300 депутаттың 261-і дауыс берді.Бұл туралы Ekathimerini басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.  

«Оны басқарушы Жаңа демократия, оппозициялық «СИРИЗА» солшыл партиясы мен солшылцентристік «Движение перемен» альянсының заң шығарушылары қолдады», — делінген БАҚ хабарламасында.

Сакелларопулу қызметіне 13 наурызда кірісіп, бес жыл ішінде елді басқару құқына ие болады. Әзірге ел президенті — Прокопис Павлопулос.

Бұл елде президентті халық емес, парламент мүшелері сайлайды.

Айта кетсек, 2019 жылдың маусым айында Грекия президенті Прокопис Павлопулос парламентті таратып, мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізетінін мәлімдеген болатын.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия