jasqazaq.kz

Грекияда орман өртінен қаза тапқандар саны артты

30 шiлде 2018, 15:09

Грекияда орман өрті кезінде мерт болғандар саны 91-ге жетті. Тағы 25 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс агентігі Грекияның жедел құтқару қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Осыған дейін 80-нен аса адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Мамандардың айтуынша, табиғи апат Еуропа бойынша 1900-шы жылдан бері болған ең алапат өрт болып саналады. Қайтыс болғандардың көбі отқа оранған, ал кейбіреулері лаулаған жалыннан қорғану үшін көлге секірген. Алайда олардың көбі суға батып кетті. Жергілікті биліктің болжауынша от қасақана қойылған. Ал оппозиция тарапы ормандарда өрттің алдын алу жұмыстары дұрыс жүзеге аспағанын алға тартады. Айта кету керек, тілсіз жаумен күресуге 600-ден аса өрт сөндіруші, 5 тікұшақ және 300 техника жұмылдырылды.

24.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді