jasqazaq.kz

Грекияда босқындардың ең ірі лагері өртеніп кетті (видео)

09 қыркүйек 2020, 16:01

Лесбос аралығындағы ең ірі Мориа босқындар лагері толығымен жанып кетті. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша босқындар лагеріне өрт әдейі қойылған болуы мүмкін.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, лагерьде 12,8 мыңнан аса адам тұрған. Онда коронавирус инфекциясының 35 дерегі тіркелген соң, өрт басталған. Лагерь бір апта бойы карантинде болған.

 «Мориа лагері өртеніп жатыр. Ал көптеген босқын мен мигрант тауды паналаған. Көбісі қалаға кетіп жатыр. Полиция бұл аймақты қоршауға алды», — деп хабарлайды ERT телеарнасы.

Грекияның өрт сөндіру қызметі түнде лагерьдің аумағында бірнеше өрт ошағы тіркелгенін айтады. Өртті сөндіруге тәртіп сақшыларының көмегімен 25 маман мен 10 көлік жұмылдырылған.

«Өрт босқындар мен мигранттарды қабылдау және сәйкестендіру орталығында басталды. Қазіргі таңда билік лагерьдегі адамдарды эвакуациялауға кірісті. Кейбір ақпаратқа сәйкес, «лагерьде 35 адам коронавирусқа оң нәтиже көрсетті. COVID-19 жұқтырды деп күдікке ілінгендердің отбасы мүшелері және олармен байланыста болғандар оқшаулануы керек» деген мәліметтен соң онда өрт шыққан», — деп хабарлайды ERT телеарнасы.

Өрт сөндіру қызметі басшысының айтуынша, куәгерлердің дерегінше, бір мезгілде 10 өрт ошағы тіркелген. Мамандар өртті сөндіру кезінде қарсылықтарға тап болған.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық