jasqazaq.kz

Грекия аралындағы су тасқынынан 2 адам көз жұмды

17 қазан 2022, 17:04


Грекияның Крит аралындағы дауыл мен толассыз жауған жаңбыр салдарынан жойқын су тасқыны болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті биліктің мәліметінше, 2 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам із-түзсіз жоғалған. Құтқарушылар 49 жастағы әйел мен 50 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Оларды өз көлігімен су ағындары теңізге алып кеткен.

Агиа-Пелагия мен көршілес Лигария қаласында із-түссіз жоғалғандар саны әлі де артуы мүмкін. Өрт сөндірушілердің айтуынша, тоғыз көлік суға ағып кеткен. Бұған дейін олар ашық теңізде болған көліктен бір әйелді құтқарған болатын. Дәл осы уақытта Ласити аймағының шығыс аймақтық бөлімшесінің Сития қаласында 8 турист пен 1 күзетші жергілікті археологиялық мұражайда, тағы 4 адам екі көлікте қалып қойды. Грекияның жағалау күзеті мен Апатты жою арнайы бөлімшесінің мүшелері жоғалған адамдарды іздеуді жалғастыруда. Желдің 7-8 балдық күшіне байланысты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу қиынға соғуда.

Жергілікті билік тұрғындарға үйден шықпауға кеңес беруде. Ираклион аралының халықаралық әуежайы жабылып қалды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр