Бәріне ортақ журналистика
Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Бәріне ортақ журналистика Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз, дизайн, тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр. Өнер тақырыбына қызығатын Назерке Исатайдың шағын ақпаратын жариялап отырмыз.

Қазақстандық диджей және музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) «Roses» әнінің ремиксі үшін берілген Grammy сыйлығын қолына алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық музыканттың Grammy-ді ұстап тұрған фотосуреті Instagram-да пайда болды.
15 наурызға қараған түні қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-ның «Roses» әніне жасаған ремиксі үшін Grammy алған болатын. Imanbek америкалық әртіс SAINt JHN-ның «Roses» трегіне жазған ремиксі YouTube-те жарияланғаннан кейін бүкіл әлемге танылды. Видеоны миллиондаған адамдар көрді. Ремикс U.S.Billboard Hot 100 рейтингінің бестігіне кірді, ал рэпер Карлос Сент-Джон ақсулық Иманбекке алғысын білдірген. Бұл тарихи оқиғамен Иманбекті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтаған болатын. Музыканттың өнеріне тәнтіміз. Оның әрі қарай да биік белестен көрінуіне тілектеспіз.
Назерке Исатай