jasqazaq.kz

Google корпорациясы Huawei компаниясына шектеу енгізді

20 мамыр 2019, 15:56

Reuters — АҚШ үкіметі Huawei компаниясын қара тізімге енгізу туралы шешім қабылдағаннан кейін Google компаниясы аталмыш кәсіпорынмен бизнес-байланыстарын үзді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Google компаниясының ресми өкілінің айтуынша, бұл шешімнің Huawei бұған дейін сатқан смартфондарына қатысы жоқ. Олар бұрынғыдай Google қосымшаларын жүктеп, оларды ұдайы жаңарта алады. «Біз бұйрыққа сәйкес әрекет етіп, оның салдарын зерделеп жатырмыз. Google Play қосымшасы Google Play Protect қорғанысы қолданыстағы Huawei құрылғыларында жұмыс істей береді» — дейді ресми өкіл. Мұндай қадам Huawei компаниясына Қытай аумағынан тыс жерлерде смартфон өндіру бизнесіне кедергі келтіруі мүмкін. «Huawei-дің алдағы уақытта шығатын Android-та жұмыс істейтін смартфондары Google Play Store, Gmail және YouTube сияқты танымал ресурстарын аша алмайды. Huawei үшін Android-тің тек жалпыға арналған жүктемелері ғана қолжетімді болады», делінген Reuters ақпаратында. Еске сала кетсек, 16 мамырда АҚШ Президентінің әкімшілігі Huawei Technologies Co Ltd компаниясын қара тізімге кіргізген болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде