jasqazaq.kz

Гонконгта ұсталған қазақстандық студенттің жай-күйі қалай?

26 қараша 2019, 0:18

Гонконгта полиция қолына түскен студент Әбілқайыр Нүкпидің артынан ата-анасы барды. Олар адвокат жалдап, баласын арашалап алуға дайын отыр. Тек тергеу қорытындысын күту керек. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Гонконг баптистік университетінде оқып жүрген Әбілқайыр сондағы наразылық шерулерінің кезінде ұсталған. Қолына ел арасында «Молотов коктейлі» деп аталатын жарылғыш шөлмек ұстап алған делінген. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі сонда оқып жатқан студенттерді дереу елге қайтуға үндеді. Себебі, қаңтарға дейін барлық оқу орындарында сабақ тоқтатылған. Нәтижесінде 209 студент елге оралса, тағы 17-сі жолға енді шықпақ. 32-сі қайтқысы келмейді екен. Гонконгта төтенше жағдай жарияланбағандықтан, министрлік шәкірттерді елге қайтуға міндеттей алмайды. Ал ұсталған Әбілқайыр Нүкпиге қатысты әке-шешесі қазір тергеу мәліметін күтіп отыр.

Айбек Смадияр, ҚР СІМ ресми өкілі:

— Біздің дипломаттар онымен бірнеше рет кездесті. Тергеу изоляторында ұстау жағдайына ешқандай шағымы жоқ. Денсаулығы жақсы. Оған қажетті заттардың бәрі апарылды. Адвокат табылды. Енді тергеудің нәтижесін күтеміз.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда