
Twitter әлеуметтік желісінде Сауль Альварестен жеңіліс тапқаннан кейін көңілі құлазыған Геннадий Головкиннің видеосы пайда болды.
NUR.KZ. жазғандай, бейне жазбадан төрешілердің шешімін естіп, көңілі түскен отандасымыздың киіну бөлемесіне қарай бет алғанын байқауға болады.
Журналистер мансабында алғаш рет жеңіліс тапқан боксшыдан сұқбат алуға тырысқанымен әрекеттерінен ештеңе шықпады.
Еске сала кетейік, 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінде отандасымыз Геннадий Головкин кәсіби мансабында алғаш рет мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңіліс тапты.
GGG is pissed and did not interview after the fight! #CaneloGGG2 pic.twitter.com/ReZno7Y5ZV
— The Sports Junky (@TheSportsJunky1) 16 сентября 2018 г.