jasqazaq.kz

Головкиннің негізгі қарсыласы болған Риота Мурата жеңіліп қалды

21 қазан 2018, 15:05

Жапон боксшысы Риота Мурата (14-1, 11 КО) WBA тұжырымдамасы бойынша орташа салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионының белдігін қорғай алмай қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) Park Theater ойын-сауық кешенінде өткен бокс кешіне қатысып, онда американдық Роб Брантке (23-1, 16 КО) қарсы айқасты. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіс Брантқа берілді. Осылайша, Роб Муратаның WBA тұжырымдамасы бойынша чемпиондық белдігін алып, мансабындағы 24-ші жеңіске қол жеткізді. Ал Мурата өз мансабында екінші рет жеңіліп, атағынан айырылды. Бұл жекпе-жекте жапондық спортшы жеңіске басты үміткер болғанын атап өту керек. Еске сала кетейік, Риота Мурата қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) келесі қарсыласы болуы әбден мүмкін екендігі туралы бұған дейін де жазған болатынбыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде