jasqazaq.kz

Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

30 қазан 2018, 10:23

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин кездесуін Ұлыбританияда өткізуі мүмкін, тіпті қарсыласын да таңдап қойды. Бұл туралы Behind The Gloves басылымына берген сұхбатында қазақстандықтың промоутері Том Леффлер айтып берді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, Головкиннің Британияда жұдырықтасатын боксшысы жоспар бойынша — екінші орта салмақтағы WBA (Super) чемпионы әрі (WBSS) Дүниежүзілік бокс суперсерсиясы бірінші маусымының жеңімпазы Каллум Смит болмақ. Ол турнир финалында Головкинмен спарринг-серіктес болған отандасы Джорд Гроувзды жеңген еді. Леффлер допинг тестілеуден өте алмаған Билли Джо Сондерспен орта салмақтағы WBO чемпион титулынан бас тартқанынан кейін жұдырықтасу мүмкіндігі азайғанын айтты. Соңғы жекпе-жегін 36 жастағы Головкин 15 қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы өткізіп, барлық титулынан айырылған болатын. Бұдан кейін қазақстандық жапон боксшысы Риота Муратамен жұдырықтасуы мүмкін деген хабар тараған. Алайда ол америкалық Роб Брантқа есе жібергендіктен бұл хабарлар легі де тоқтап қалды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді