jasqazaq.kz

Головкин жаңа бапкерін көрсетті

05 мамыр 2019, 11:41

Геннадий Головкиннің жаңа бапкері — бұрынғы америкалық боксшы Джонатан Бэнкс болды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

36 жастағы Бэнкс Головкиннен үш айға кіші. Бұрын ол IBO нұсқасы бойынша және NABO нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы болған. Бэнкс Виталий Кличконы жаттықтырған. Ол аты аңызға айналған Эмануэл Стюардқа ассистент ретінде көмектескен, ал Старттың өлімінен кейін украиналық спортшының бапкері болды, ол алты жекпе-жек өткізген. Сондай-ақ, оның шәкірттерінің арасында ұлыбританиялық ауыр салмақта шығатын Диллиан Уайт болған, ал қазір ол норвегиялық әлем чемпионы Сесилия Брекхуспен жұмыс істейді.

«Қол жеткізген жетістігіме сүйене отырып, боксшы ретінде кәсібилігімді арттырғым келеді. Джонатан мақсатыма жетуге көмектесетін жаңа дағдыларды үйретеді. Біз қарқынды жұмыс істеп жатырмыз және 8 маусымда Madison Square Garden-де әлемге Big Drama Show көрсетуге асығыспын», — деді Головкин.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде