
Forbes журналы 2019 жылы ең көп қаржы төленген спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат кәсіпқой бокс жаңалықтар порталының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
Тізімге қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин енген. «GGG-дің биыл тапқан жалпы табысы 25,5 млн доллардан асып үлгерді. Оның 23,5 млн доллары — Роллспен айқасы үшін гонорар, ал 2 млн доллар — демеушілік келісімшарттардан түскен. Forbes рейтингінде Головкин 95-орынға тұрақтаған және посткеңестік елдер арасында тізімге енген жалғыз спортшы атанды», — делінген хабарламада.