
Танымал журналист және ESPN телеарнасының комментаторы Дэн Рафаэль Туиттерде Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлермен серіктестікті тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Қолданушылардың бірі Рафаэльден GGG-дің неліктен жыл соңына дейін телесеріктес таппағанын сұрады. «Ол мұны істемегені анық. Леффлер жыл соңына дейін телесеріктес таңдаймын деген еді, енді Головкин онымен бірге жұмыс істемейді», — деп жауап берді шолушы. Еске салайық, 2018 жылдың соңында Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр да Геннадийдің Леффлердің қызметінен бас тартуы мүмкін екенін хабарлаған еді.