jasqazaq.kz

Головкин: Мен — қазақпын мың өліп, мың тірілген

08 маусым 2019, 17:33

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 9 маусым күні Стив Роллспен өтетін жекпе-жегінің алдында Instagram парақшасына жазба жариялады. Онда ол басқа да отандастарымен бірге «Мен — қазақпын» өлеңін оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеода ақын Жұбан Молдағалиевтің атақты «Мен — қазақпын» өлеңінен үш шумақ жыр жолдары оқылады. «Мен — қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген». Видеомен бірге, Геннадий Головкин парақшасына «Жерлестеріме қолдауы үшін көп рахмет! Мен қайдан шыққанымды ешқашан ұмытқан емеспін» деп жазды. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым күні таңертең Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллспен айқасады. Бұл күні Геннадийден бөлек, Әли Ахмедов мен Бақтияр Эюбов секілді қазақстандықтар да рингке шығады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде