jasqazaq.kz

Головкин мен «Канело» екінші рет жекпе-жекке шығады

14 маусым 2018, 10:11

WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес екінші жекпе-жегі жайлы келісті, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Альварестің мүддесін қорғайтын промоутер Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, кездесу 15 қыркүйекте өтеді. Бұл күн — Мексиканың Тәуелсіздік күнінің уик-энді. «Кездесудің 15 қыркүйекте өтетінін аса қуанышпен жария етемін, #CaneloGGG2», — деп жазды Оскар де Ла Хойя Twitter желісінде. Айта кетейік, Головкин мен Альварестің қорытынды келіссөздері ресми жарияланымға бір жарым сағат қалғанда өткен. Бастапқыда Оскар де Ла Хойя ESPN басылымына берген сұхбатында «екінші кездесу өтпейді, бұл 100 пайыз» деп мәлімдеген. Алайда бес минут өткенде тараптар қайта талқылауға көшкен. Ал одан бір тәулік бұрын мексикалық Сауль «Канело» Альварестің ісін жүргізетін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес қазақстандық Геннадий Головкинге ультиматум қойған. Гоместің сөзінше, олар Головкинге қыркүйекте болуы мүмкін қарымтаның кірісін бөлісу туралы соңғы ұсыныстарын айтқан. Ол шарт бойынша табыс Альварестің пайдасына 57,5-те 42,5 болып бөлінеді. Еске салайық, Головкин мен «Канело» арасындағы алғашқы жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте T-Mobile арнеасында өтіп, төрешілер шешімі бойынша тең аяқталған. Ол кезде қазақстандық түскен табыстың 30 пайызын ғана алған.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді