jasqazaq.kz

Головкин мен Деревянченко айқас алдында көз арбасты (видео)

23 тамыз 2019, 10:41

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жекпе-жектің алдында алғаш рет бетпе-бет кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшылар Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында баспасөз мәслихатын өткізді. Арты дәстүрлі көз арбасу процедурасына ұласты. Журналистердің алдында сөз сөйлеген Деревянченко «Головкиннің дәурені өтті» деп мәлім етсе, Геннадий қарсыласынан аздап сескенетінін мойындады. Головкин-Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар IBFнұсқасы бойынша бос тұрған орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласатын болады. Ол бұған дейін мексикалық боксшы Сауль Альвареске тиесілі болған еді. Сондай-ақ, өткен жылы IBF белбеуі Головкиннің өзіне де тиесілі болған, алайда боксшы Деревянченкоға қарсы міндетті айқастан бас тартқаны үшін титулдан айырылып қалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде