jasqazaq.kz

Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды

01 қараша 2018, 10:13

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін. Боксшылар осыған дейін екі рет кездесіп үлгерді.

Екеуі де қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтті. Бірінші кездесуде даулы шешіммен тең аяқталған еді. Екіншісінде төрешілердің басым бөлігі жеңісті мексикалыққа берді. Қазақстандық спортшы кәсіпқой рингте бірінші рет жеңіліп, барлық белбеуінен айырылды. Таяуда Альварестің DAZN компаниясымен рекордтық келісімшартқа отырғаны туралы хабарланды. Головкин де осы компаниямен келісімшартқа отыруы мүмкін. 2019 жылы мамырда Дэниел Джейкобс (35-2, 29 КО) пен Альварес арасында жекпе-жек өтеді деп болжанады, мексикалық боксшы жеңіске жеткен жағдайда қыркүйекте «Канело» мен GGG арасындағы трилогия ұйымдастырылуы мүмкін. Басында үшінші жекпе-жек мамырда өткізіледі деп болжанған. Головкин араға ешкімді қоспай дереу реванш өткізуді сұраған еді. Алайда WBC ұйымы бұл ұсынысты қабыл алмады. Альварес келесі жекпе-жегін 15 желтоқсанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында ұлыбританиялық Рокки Филдингке (27-1, 15 КО) қарсы өткізеді. Жеңіске жеткен жағдайда, мексикалық боксшы үш салмақ дәрежесіндегі әлем чемпион атанады.

tengrinews.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді