jasqazaq.kz

Головкин әлемдегі ең қорқынышты боксшы деп танылды

16 қазан 2016, 11:21

20161016023455

Round by Round Boxing порталы қарсыластарына үрей туғызатын ең қорқынышты үш боксшының тізімін жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл тосын тізімде қазақстандық Геннадий Головкин көш бастап тұр, оның қоржынында кәсіби рингтегі 36 жеңіс (33 КО) бар және ешқашан жеңіліп көрмеген. Екінші орынға портал журналистері ресейлік боксшы Сергей Ковалевты (30-0-1, 26 КО) қойған, ал үшінші орын — америкалық Теренс Кроуфордқа (29-0, 20 КО) тиесілі.

«Орта салмақтағы WBA, IBO, WBC және IBF белбеулері бар Головкин бокс әлеміндегі ең танымал есім. Ол ең қауіпті боксшы екенін дәлелдеді және тек қана үздіктермен жұдырықтасқысы келеді. Көптеген қарсыластар GGG-мен кездесуден қашып, атақтарынан бас тартады», — деп жазды басылым.

Головкиннің бапкері Абель Санчес келесі аптада Геннадийдің жаттығуға оралатынын және желтоқсанда өтетін кездесуге дайындалатынын хабарлаған еді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды