jasqazaq.kz

Головкин қарсылассыз қалды

31 шiлде 2019, 12:29

Бокстан орта салмақта әлем чемпионы болған Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) қыркүйекте өтетін бокс кешіне қарсылассыз қалған секілді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Басында GGG 14 қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен (52-1-2, 35 КО) үшінші кездесу өткізбекші болған, алайда мексикалық боксшы бұл ұсынысты қабылдамай, кездесуді жыл соңына шегеруді ұсынды.

Осыдан кейін, Головкин тағы бір мексикалық боксшы — бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хайме Мунгиямен (33-0, 26 КО) келіссөздер жүргізіп жатқаны айтылды. Мексикалық боксшы жаңа салмаққа өтуге дайын екенін жеткізген.

Сонымен қатар, Альварестің промоутерлері (Golden Boy Promotions) Головкинге 14 қыркүйекті бергісі жоқ, өйткені ол күні Мексиканың Тәуелсіздік күні аталып өтіледі. GBP осы күні бокс кешін ұйымдастырып, бокс кешінің басты кездесуінде Мунгияны америкалық Джесси Варгасқа (29-2-2, 11 KO) қарсы қоймақ.

Варгас болса Мунгиямен келіссөздер жүріп жатқанын растады. Алайда бүге-шігесіне дейін айтудан бас тартты.

Головкин мен Альварес арасында үшінші кездесу өткізу туралы келіссөздер тығырыққа тірелген. Қазақстандық боксшы кездесуді Лас-Вегаста өткізуден бас тартқан.

Альварес үшінші кездесуге қатты қызығып отырмағаны да айтылады. Ол қазақстандық боксшының соның арқасында ақша тапқанын қаламайтынын айтқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде