jasqazaq.kz

Головкин екінші баласы жақында дүниеге келетінін сүйіншіледі

02 қыркүйек 2017, 17:48

© vk.com/ggolovkin

WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин екінші баласы дүниеге келетінін мәлімдеді. Бұл туралы боксшы L’Equipe француз газетіне берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

«АҚШ-та өзіммен бірге бауырым Максим жүр, себебі ол команданың бір бөлшегі, бапкер. Қасымда әйелім мен балам да бар, ұлым америкалық мектепте оқып, әрдайым қуантып жүр. Әйелім жүкті. Екінші баланы күтіп жүрміз. Ол осында, АҚШ-та туады», — деді Головкин.

Айта кетейік, биыл 7 шілдеде 35 жастағы Головкин үйленгеніне 10 жыл толғанын тойлады. Бұл бірдей сандарға келетін күні аталып өтті — 7.07.2007. Оның әйелі Алина да Қарағандының тумасы, өзі жайлы интернетте жария ете бермейді. Жұп тойға дейін жеті жыл кездесіп жүріпті. Алина Головкинаның екі жоғары білімі бар, алайда отбасы үшін мансабынан бас тартқан. 2009 жылы олардың Вадим есімді баласы дүниеге келген, оның есімі боксшының қайтыс болған ағасының құрметіне қойыдған. Бала хоккеймен айналысады.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде