jasqazaq.kz

Головкин-Деревянченко айқасында тағы бір титул сарапқа салынады

18 қыркүйек 2019, 10:52

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35КО) мен украиналық Сергей Деревянченконың (13-1, 10КО) кездесуінде әлем чемпионының тағы бір белдігі сарапқа салынады.

Боксшылар IBF нұсқасы бойынша бос тұрған орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласатыны бұған дейін хабарланған еді. ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасындағы мәліметке сәйкес, аталмыш айқаста одан бөлек IBO вакантты титулы сарапқа салынады. Бұл туралы Халықаралық бокс ұйымы өзінің ресми сайтында жария еткен. «Орташа салмақта IBO титулының иегері дәл осы Геннадий Головкин болатын. Ол титул 2011 жылдан 2018 жылға дейін GGG-де тиесілі еді. Сондай-ақ, қазақстандық боксшы 2010 жылдан 2018 жылға дейін WBA чемпионы, 2016-2018 жылдары аралығында WBC чемпионы болды», — делінген хабарламада. IBO титулы кәсіпқой бокстағы мәртебесі бойынша бесінші титул саналады. Мәселен, әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін тек WBC, WBA (Super), WBO және IBF белдіктеріне ие болу керек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде