jasqazaq.kz

Головкин бұрынғы менеджерлерін сотқа берді

01 ақпан 2019, 17:23

Американың TheBlast.com басылымының мәліметінше, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің бұрынғы менеджерлері Максимилиан және Олег Германдарды сотқа беріп, олардан ірі ақшалай өтемақыны талап етіп отыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Сот құжаттарына сәйкес, Головкиннің айтуынша, Максимилиан және Олег Герман әдейі табыс туралы есеп бермей, сомалары құжаттағыдан әлдеқайда жоғары болған комиссия төлемдерін алып жүрген. Оған қоса, менеджерлер Головкиннің соңғы жекпе-жектерін ұйымдастыруда ешқандай қызмет көрсетпесе де ол үшін ақы төлеуді талап етіп отыр. GGG Германдармен іскерлік қатынасын 2017 жылы үзгенін мәлім етті, алайда олармен келісімшарт үзілсе де бұрынғы менеджерлер Головкиннің Сауль «Канело» Альвареспен екінші жекпе-жегінен барынша табыс табуға тырысқан. Басылымның мәліметінше, Геннадий олардан бұрынғы келісімдерінен олар пайда көрген 3,5 миллион АҚШ доллары көлеміндегі соманың қайтарылуынан үмітті. Ол сондай-ақ менеджерлермен байланысын ресми түрде үзетін сот шешімін күтіп отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде