jasqazaq.kz

Головкин Альварестен кейінгі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін

12 наурыз 2018, 12:32

Ағымдағы жылы 5 мамырда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы реванш өткізеді. Осы жекпе-жек сәтті аяқталса, GGG келесі айқасын туған жерінде өткізуі әбден мүмкін.

Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, өткен жылы Астанадағы ЭКСПО аясында үлкен бір бокс кешін ұйымдастыруға қатысты жоспар болған. Алайда уақыт тығыз болды. «Иә, былтыр жазда біз ЭКСПО аясында жекпе-жек өткізуге жақын болдық. Бірақ наурыз айындағы Дэнни Джейкобс пен қыркүйектегі «Канелоға» қарсы жекпе-жектердің арасы тым тығыз болды. Бас кезінде Билли Джо Сондерспен кездесеміз деген жоспар болған. Енді, Синко де Майода (5 мамыр — мексикалықтардың мерекесінде) бәрі жақсы болады деп сенеміз. «Канело» барлық тесттерді тапсырып, алдағы жекпе-жек ойдағыдай өтеді деген үміт бар. Әрине, Геннадийді Қазақстанға апарып, сол жерде үлкен бір айқасты ұйымдастырсақ, тамаша болатын еді. Ол жақта жекпе-жекті 40 мың адам сиятын футбол стадионында жасауға болады», — деді Леффлер Periscope-трансляцияда. Осы орайда Т.Леффлер Астанадағы футбол стадионын АҚШ-тың «StubHub Center»-мен салыстырды. «StubHub Center-мен салыстырғанда ол стадионның шатыры жабылады (күлді)», — деп атап көрсетті промоутер.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде