jasqazaq.kz

Головкин Альварес туралы: «Ең сорақы қарсылас»

10 тамыз 2018, 16:49

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) қарсыласы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) туралы дөрекі түрде пікір білдірді.

Ол журналистердің Калифорниядағы Big Bear лагеріне барған сәтінде біршама сұрақтарға жауап берді. «Ол (Альварес — авт) — менімен қарсылас болғандардың арасындағы ең жағымсыз әрі лас боксшы … Лас дегеніміз рұқсат етілмеген препараттарды пайдаланғаны үшін және сол үшін басқа адамдардан кінә іздеу. Бұл оның жеке мәселесі. «Канело» бокс заңын бұзды, лас бірдеме істеді және оның командасы осы жағдайда оған қолдау білдірді. Бұл жекпе-жек маған қарағанда ол үшін өте маңызды. Оның командасы беделін қайта көтеру үшін қолдан келгеннің барлығын істеп жатыр», — деп жазады Los Angeles Times Головкиннің сөзін. Олардың екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кіл мықтыны анықтай алмаған еді.

tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді