
«ҚазМұнайГаз» алыс және жақын шетелден инвестор тарту үшін Ақмола облысында ірі нысан тұрғызды. Осылайша компания Щучинск-Бурабай курорты аймағының дамуына өз үлесін қосты.
«ҚазМұнайгаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 1141 Қаулысын жүзеге асыру аясында «ҚазМұнайГаз-Сервис NS» акционерлік қоғамының жүз пайыздық акциялар қоржынын сатуға кірісті. Оның иелігінде Щучинск қаласындағы аса ірі туристік нысан саналатын Гольф-клуб та бар.
Бірінші санаттағы гольф-клуб шетелдік және отандық инвесторларға тартымды инвестициялық ахуал құру үшін салынды. Сондай-ақ гольф ойынын бағалайтын жандарды Ақмола облысына көбірек тарту мақсатын көздеді. Бұл өз кезегінде Щучинск-Бурабай курорты аймағында халықаралық туризмді дамытуға септігін тигізетіні анық. Сондай-ақ жоба керемет демалысқа арналған инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді көздеді.
Гольф-клубтың құрылысы 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік Үдемелі индустриалдық-иннвоациялық даму бағдарламасына енген.
Гольф-клуб орман ағаштары мен «Чемпионат және қызмет көрсету нысандары» санатындағы 18 ойықты гольф алаңын қамтитын 103 гектар аумақта орналасқан. Бүгінде нысанның 90 пайызы дайын. Сlub-хаус, мейрамхана және қонақ үй аумағы, дүкен, спортшылардың киім ауыстыратын орны, сондай-ақ VIP-виллалардың құрылысы аяқталды.
Гольф алаңы мен демалыс инфрақұрылымы ең жоғары халықаралық стандарттарға сай жүргізілді. Нысандағы құрылыс барысын швейцариялық Troon-golf компаниясы бақылады.
Сатылым биылғы жылдың 7 желтоқсанында өтеді.
Электронды байқауды өткізу шарттарын білу және сатылатын актив жөнінде қажетті ақпарат алу үшін gosreestr.kz веб-порталы, сондай-ақ http://www.kmg.kz және http://www.kmg-service.kz сайттарынан білуге болады.